Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық танымал спортшылар Степногорск жастарымен жаттығу жасады

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2022
  • 1182

Степногорск қаласының жастары белгілі чемпиондармен бірге жаттығу жасады. «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас боксшылар мен дзюдошыларға Мақсат Исағабылов пен Фируза Шәріпова тәжірибелерімен бөлісіп, әдіс-тәсілдер көрсетіп. Денені қыздырып, жанды сергітіп, жастарды жігерлендірген жоба жайлы Мерей Қалиасқардың материалында.

Сенбінің таңы жаттығумен басталды. Жоба ұйымдастырушылары алаңдар мен стадиондардан түбегейлі бас тартып, әдетте жастардың жаттығатын жеріне, яғни аулалардың біріндегі спорт алаңына баруды жөн санады.

Кез-келген спорттық және физикалық белсенділіктің маңызды бөлігі-денені қыздыру мен сергіту. Бокстан Әлем чемпионы Фируза Шәріпова жарақат көбіне денені дұрыс қыздырмағаннан немесе  жаттығудың жеткіліксіздігінен  болады дейді.

Фируза ШӘРІПОВА, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

Ағзадағы қан айналымын жақсарту үшін бұлшықеттерді созып, сергіту керек. Осылайша, төзімділікті арттырып, иммунитетімізді нығайтамыз. Соңғы жылдары Қазақстанда спортқа деген қызығушылық артып келеді. Бұл -өте жақсы үрдіс. Маған спорттағы алғашқы қадамдар жөнінде сұрақтар жиі түседі. Біз бүгін жастармен диалог құрып, оларға көмектесуге тырыстық. Барлығы ойдағыдай болды.
 

Степногорлық жас спортшылар да осындай пікірде. Олар үшін спортта үлкен жетістікке жеткен чемпиондардан кеңестер мен ұсыныстар алуға бұл таптырмас мүмкіндік.

БЛИЦ:

- Өз денсаулығың үшін және биік шыңдардан көріну үшін.

- Менің арманым Олимпиадаға шығып, Қазақстан құрамасына кіру.
    
- Денсаулық спорт кепілі демекші, спортпен айналысып, денемізді жаттықтырып, өзімізді спортқа баулып...Өте әдемі шара болды деп ойлаймын.

- Бүгінгі жаттығу өте ұнады. Бізді қызықтырып, бүкіл балалар жаттығу істеп, сергітті деп ойлаймын.


Ұйымдастырушылар  "Жаттығу" жобасын енді Алматы, Түркістан облыстарында өткізбекші.  Ал Степногорск палуандары мен боксшыларын жаңа белестер мен үлкен жеңістер күтіп тұр.

Қ. Мерей