Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде толассыз жауған нөсер диқандарды алаңдатып отыр

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2016
  • 2548

Толассыз жауған нөсердің салдарынан Тобыл өңіріндегі егін алқаптары тат және септериоз індетіне шалдығып, сарғая бастады. Мамандардың айтуынша, аймақтағы 358 мың гектар жерге өсімдік дерті дендеп үлгерген.

Орал тауларының бөктерінен жел арқылы жететін өсімдік ауруы облыстың солтүстік аудандарындағы астық алқаптарына қауіп төндіріп тұр. Жоғары ылғалдылық септериоз індетінің кеңінен таралуына септігін тигізіп тұр. Аумақтық инспекция өкілдері бюджеттік қаражат есебінен 37 мың гектарды ғана химиялық өңдеуден өткіземіз деп отыр. Ал өңір диқандары 308 мың гектар алқапқа жететін дәрі-дәрмек алып қойған көрінеді.

Дархан Әбдікәрімов, Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары: 

141 мың гектар жер өңделді. 2-3 күн жаңбырлы болып тұр. Бірақ Қазгидрометтің мәліметі бойынша бейсенбіден бастап күн райы  27-29 градусқа ысиды. Қазіргі ылғал жерлер кеуіп, өңдеу жұмыстары  жалғасады. 

Заңғар САНАЙ