Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 979

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді.Бұл туралы арнайы бұйрық қабылданды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұдан былай, ата-ана қай балабақшаны таңдайды, сәйкесінше сол бақшаға қазынадан қаржы бөлінеді.  

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Бұның алдында қалай болды? «Ақбөбек» балабақшасына 100 орын, «Балбөбек» балабақшасына 100 орын деп білім бөлімдері әлде білім басқармалары нақты мемлекеттік тапсырысты бөліп беретін. Ендігі кезекте олар балабақшаларды осы талаптарға сай болса, арнайы тізімге кіргізеді. Ал, нақты сол балабақша қанша орын алатынын ата-аналар тізімнен таңдап алып, сол балабақшаға барып, сапасына сәйкес балабақшалар орынды алатын болады.

Сондай-ақ, енді балабақша ғимараттарында  өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздік жүйесімен және камерамен толықтай қамтамасыз етілуі керек.  Мектепке дейінгі тәрбие орны қызметкерлеріне де қойылар талап күшеймек.  Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін тиісті біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет. Мемлекеттік тапсырыс алу үшін құжаттар саны да қысқарды. Бұл өзгеріс саладағы сыбайластықтың жолын кесу дейді министр.