Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік сайлау алдында БАҚ өкілдеріне арналған оқыту курстары басталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 802

Президенттік сайлау алдында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне  арналған оқыту курстары басталды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-ке жуық журналист жиналған. Төртінші билік өкілдері 3 күн бойы маңызды саяси науқан жайлы заңнама аясында дұрыс ақпарат тарату жайын үйренбек.  Іс-шараны Орталық сайлау комиссиясы мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығы бірлесіп ұйымдастырған.  Оқыту сондай-ақ онлайн  форматта жүргізілуде.

Жанар МҰҚАНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Республикамыздан газет, телеканалдардан өкілдері келіп, қатысып жатыр. Саяси науқан қалай өтеді, оның кезеңдері яғни БАҚ-ның сайлау процессінде атқаратын рөлі, маңызы тек қана сайлау қалай өтеді деп халыққа жария ету ғана емес, сонымен қатар әртүрлі үгіт-насихаттау жұмыстарына қатысу.  

Қ. Мерей