Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайға биыл-30жыл

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 1954

Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайға  биыл-30жыл. Осыған орай Астанада халықаралық форум ұйымдастырылды. Бірінші құрылтай әлемнің шартарабына тарыдай шашылған миллиондаған қазақтың жүрегінде үміт отын жақты. Ұлы көшке ілесіп, тарихи отанымен қауышқан қандастарымыз бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Қазақстан - қандастарымызды тарихи отанына қайтару саясатын дәйектілікпен жүргізіп келе жатқан елдердің бірі. Қазіргі таңда қазақ диаспорасы әлемнің 40-тан астам елінде өкілдік етеді. Шетелде тұратын этникалық қазақтардың жалпы саны 6 миллионнан асады. Алыста жүрген ағайынның елге деген сүйіспеншілігі, ұлтына деген  құрметі күннен күнге артпаса кеміген жоқ.

Жақсылық ЖОРЫҚБАЕВ, ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫ ШЫРШЫҚ ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзбекстанда 3 миллионға жуық қазақтар тұрады. Этникалық қазақтарға деген құрмет Қазақстанда жоғары. Тіпті, Қазақстанға көшіп келген деушілерге де жол ашық. Барлық жағдай жасалған. Өз ұлтын қолдап жатқан қазақ еліне алғысым шексіз.

Сондай-ақ, форум аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы қорындағы архив құжаттары мен кітаптарының көрмесі және дәстүрлі қазақ қолөнері мен ұлттық киімдерінің жәрмеңкесі өтті. "Туған елім-тірегім" атты көрме де көпшілік назарына   ұсынылды.