Ақмола облысында туризм саласының үздіктері марапатталды. Дүниежүзілік туризм күніне орай ұйымдастырылған шарада облыстың дамуына үлес қосып жүрген 600-ден аса кәсіпорын иесі қатысты.
Ақмола облысы - Қазақстанның жетекші үш туристік аймағына кіреді. Биыл өңірде туризм саласын дамытуға 18 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға 75 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Біржан Сал, Зеренді және Бурабай аудандарын дамыту жолға қойылған.
Андрей ПОДГУРСКИЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ақмола облысы бойынша туризм саласында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Облыс туризмі пандемиядан кейін аяққа тұрды деп айтуға болады. Сегіз айдың ішінде өңірге сегіз жүз мың турист келді.
Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырған үздіктерді марапаттау рәсіміне қоғам қайраткерлері мен туризм саласының қызметкерлері қатысты. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев үздіктерді алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапаттады.
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Аз уақытта сіздер өңірдегі туризм саласын дамытуға және жаңғыртуға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. ең өзекті мәселелерді шешуге көмек көрсетесіздер. Туризм саласының барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіргім келеді. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесінде, Ақмола өңірінің ішінде демалуға ұмтылады.
Туризм үздіктері 11 номинация бойынша анықталды.
Игорь СТРЕЛЬЦОВ, «AQMOLA TOURISM AWARDS» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:
Өте қуаныштымын. Біздің еңбегімізді тек туристер ғана емес, мемлекет те ескеріп жатыр. Енді алдағы жылы екі есе нәтижелі жұмыс көрсетуге тырысамыз. Қонақтар үшін барлық жақсы жағдайды жасау –біздің міндетіміз. Ақмола облысындағы туризм саласы жақсарып келеді. Біз мұнымен мақтанамыз.
Мерекелік бағдарлама аясында облыстың туризм саласындағы жетістіктері туралы көрме ұйымдастырылған. Қолөнершілер табиғи материалдармен жасаған өз өнімдерін де жұртшылыққа ұсынды. Жиын соңы концертке ұласты.
А. Задабек