Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстаулық шабандоздар үздіктер қатарында

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 821

Бүгін- «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің оныншы күні. Шабандоздар 1000 шақырымды еңсеріп,  Түркістан облысы Созақ ауданына  табан тіреді. Дүбірлі додаға 19 аймақ сәйгүлік қосқан. Бәйгенің шартына сай олар 1200 шақырымды  жүріп өтуі тиіс. Кеше төрешілер шешімімен Абай және Шығыс Қазақстан облысының командалары жарыс жолынан шықты. Қазір  сапта 6 команда келе жатыр. Әзірге үздік үштіктің қатарында – Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу облысының  шабандоздары бар. «Ұлы Дала Жорығы» – еліміздің 6 аймағын басып өтетін тұңғыш жалпыреспубликалық ат марафоны ертең Түркістан қаласында қорытындыланады.

Қажғали МАНАПОВ, ТӨРЕШІ:


Бүгін біз Созақ мекеніндеміз. 1050 шақырымда. Маңғыстау облысы бүгін сағат 07:04 те сөрені бастап еді. 1050 шақырымда мәрені бірінші болып басты. Сағат 11:10 мәрені бірінші болып басып, алда келе жатыр.