Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 1439

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкіліне қару ала жүгірген полиция майоры қамауға алынды. Оқиға Алматы облысында тіркелген. Азаматтық киімдегі ер адам, үйіне тіпті жүргізуге келген Антикорға мылтық кезеп, сес көрсеткені, алдымен әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын.  

Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғалары 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу бастапты. Тінту барысында полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, қарумен қорқытуға көшкен. Лауазымды тұлға қатысты «Билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету әрекеті» бабымен, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қылмыстық кодекстің 380 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

М. Жақан