Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жолдауы туралы сарапшылар не дейді?

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 1438

Президенттің Жолдауы елдің даму бағытының негізгі векторларын айқындайды. Сарапшылардың пайымы осы. Әсіресе, балаларға Ұлттық қордан бөлінетін қаражат болашақ ұрпақтың келешегіне үлкен қолдау дейді. Жастарға несие беру, білімнің қолжетімді болуына жағдай жасайды деп сенеді.

Гауһар ШАЙХЫНИЯЗОВА, ЖАС ҚАЛАМГЕР:

Кішкентай сәби өсіріп отырған әрбір отбасын қуантты деп ойлаймын. Себебі балалар - біздің ертеңіміз. Ертеңіміздің оларға қандай да бір жақсы жағдай жасау үшін бастапты бір жарна ретінде осындай қазынаның бір бөлшегінің салынуы бұл мемлекеттің балаларға деген, осы балалар жылындағы үлкен қолдауы деп ойлаймын.

Саламат ИДРИСОВ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Енді студенттер, педагог мамандықтар болашақта университет бітіріп шыққаннан кейін мектепке барып, болашақ шәкірттерді тәрбиелегенде сапаға көбірек мән беруі керек. Тағы бір айта кетерлігі студенттер оқығанда несие беру мәселесі, сосын гранттар бөлінгенде жалпылама бөлінбей, сатылап, мысалы 30 пайыздан 100пайызға дейін жеңілдіктер беру және студенттерге оқуына кредит беру бұлардың барлығы білімнің қолжетімділігіне әкеледі.

А. Базарбай