Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық көмек қаншалықты сапалы?

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2022
  • 1220

Бүгін елорданың Онкология орталығында сарапшылар кездесуі өтті. Жиынға қатысқан медицина қызметкерлері Президент Жолдауын талқылай отырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты өз ойларын айтты.

Сарапшылар, дәрігерлер мен мейірбикелер бас қосып, бүгінгі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын талқылады. Қаржыландыру, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, жалақының төмен болуы, дәрі-дәрмектің қымбаттауы әлі де өзекті, - дейді дәрігерлер.  

Алтыншаш ТАБУЛДИНА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Басқа елдегі дәрігерлер, хирургтар әсіресе, өзінің жұмысын атқарғаннан кейін оны ешкім оятып алмайды, түнде шақыртып алмайды. Олар өз жұмысын бітіргеннен кейін демалады. Ал біздерде дәрігерлер жетіспегеннен кейін, олар жұмысты оған белгілі ғой, бірнеше жерде жұмыс істейді, күні-түні келіп қалады. Дәрігерлердің жалақысы аздау болғаннан кейін екі адамның жұмысын істейді.

Мәселелермен қоса, жетістіктер де бар. Мұхтар Есенжанұлы денсаулық сақтау саласында біраз жаңашылдықтар пайда болғанын айтады. Олардың кейбірі, тіпті, көршілес елдерде жоқ көрінеді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесі, цифрландыру, есепке алу, емханаға тіркелу мәселелері жеңілдетілген.

Мұхтар ЕСЕНЖАНҰЛЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мысалы, кардиохирургия, нейрохирургия, біздің онкология саласы болсын, шетелдің медицина орталықтарынан кем емес біздің халықтың алып жатқан көмегі. Шетелге қазір көбі барып керегі жоқ. Өйткені біздің елімізде ол көмек қолжетімді. Жеткілікті.


Еліміздің басты құндылығы – адам болғандықтан, медицина саласы қашан да бірінші орында қала бермек. Жиын қатысушылары мәселелер қатаң түрде бақылауға алынып,  ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға атсалысу керек деп қорытынды ой түйді. Мемлекет басшысы Жолдауында көтерілген мәселелер де жүзеге асып жатқанын айтты.

А. Серік