Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда алып адам тұрады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2022
  • 3980

Атырау облысында алып адам тұрады. Индер ауданы Құрылыс ауылының тұрғыны 27 жастағы Парасат Нұрғалиевтың бойы – 2 метр 15 см, салмағы – 150 келі, ал аяқ киімінің өлшемі – 56. Парасат дүниеге келгенде өзге балалардан айырмашылығы болмаған. Дене бітімі мектеп кезінде ерекшелене бастапты. Ал соңғы кезде алып денелі азаматқа киім табу мұң болған. Әсіресе, өз өлшеміне сай аяқ киім таппай, салқын күндері де резеңке аяқ киіммен жүретін көрінеді. Ауылдастары Парасатқа арнайы тапсырыспен аяқ киім тіктіріп берді.

Таза былғарыдан тігілген аяқ киімді киіп көрген жігіт балаша қуанды. Жанашыр жандар қыстық етікке де тапсырыс беріп қойған. Бес ағайындының кенжесі анасымен бірге тұрады. Құрылыс саласында уақытша жұмыс істеп жүр.

Байғали ӨТЕМАНОВ, ҚҰРЫЛЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынау – Қазақстанда, тіпті ТМД елдерінде болмаған размер. Қажымұқан атамыздың ең үлкен размерінің өзі 52-ші размер екен кигені. Бұл енді баламыз алып баламыз, Алланың бір жаратылысы, ерекше тұлғасы.

Б. Нәдірқызы