Қазақстан Халық партиясы Президент сайлауына үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандитурасын ұсынды. Партияның кезектен тыс өткен XXI съезінде осындай шешім қабылданған. Саяси ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мемлекет басшысының жүргізіп отырған реформалары партияның идеологиясына сай келетінін айтты. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында құрылатын азаматтық коалацияға да түсуге дайынбыз деді.
Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі съездің мінберінен барлық партия мен ұйымдарға, республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Халық партиясының осы басты үндеуін назарға алуға шақырамын. Осыған дейін айтқанымдай, біз кезектен тыс президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамыз.
Ә. Дүкембаева