БҰҰ Бас хатшысын сайлаудағы
алғашқы кезеңде португалдық Антониу Гутерриш жеңіске жетті. Ұйымның босқындар
ісі жөніндегі жоғарғы сот өкілі Гутерриш қарсыласы Словенияның экс-перзиденті
Данило Туркадан басым түсті.
Бас хатшыны БҰҰ Қауіпсіздік
кеңесінің 15 мүшесі таңдайды. Сайлау жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Және
бірнеше айға созылуы мүмкін. Кеңес мүшелері ортақ мәмілеге келмейінше, дауыс
беру жалғасады.
2007 жылы Бас хатшы болып сайланған Пан Ги Мун жыл соңында
отставкаға кетеді. Оның орынтағына 6 ер және 6 әйел адам таласып жатыр.
Бұрын-соңды бұл лауазымды әйел адам атқармағанын айта кеткен жөн.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА