Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертеңгі күнге сеніміміз мол, - халық пікірі

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2022
  • 970

Мемлекет басшының жолдауында айтылған бастамалар елдің сапалық сатыға көтерілуіне тың серпіліс әкелді. Сарапшылар осындай пікір білдірді. Айтуларынша, қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың орындалуына халық болып атсалысу қажет.

Жанұзақ АЯЗБЕКҰЛЫ, «ҚОСТАНАЙ ТАҢЫ» ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Қазақстанның осындай алмағайып кезеңде сапалық сатыға көтерілуіне, жаңа бір серпіліс жасауына жол ашылады ғой деп ойлаймын. Президент 7 жылда өзінің алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктері мен өзінің қабілет дарынын сарқа жұмсайды.

Қалқаман ЖАҚЫП, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Нәтижесін көруіміз керек. Мемлекет болып, қоғам болып. Сіз бен біз болып келешекте жаңағы сапалы, жоғары бір сатыға көтерілуіне үлкен бір себепкер болатын осы реформалар. Бұған біздің үмітіміз мол. Сеніміміз де жетерлік. Осы жолда бәріміз де қызмет жасайық.

 А. Базарбай