Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Сингапур делегациясымен кездесті

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2022
  • 1482

Мемлекет басшысы бүгін, сондай-ақ Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османды қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны айтылды. Президент Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы кеңестің дамуына үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ бүгін елімізге Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров келді. Құрметті қонақтарды әуежайда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қарсы алды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 елдің президенті қатысады деп күтілуде. Сарапшылардың пікірінше, бұл шара - пандемиядан кейінгі аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың бірі. Саммитке 11 елдің мемлекет басшысы және 50-ге жуық делегат қатысады. Қазір әлем назары - Астанада. Келелі жиында маңызды шешімдер қабылданады деген жоспар бар. Айта кетейік, Азия кеңесінің құрылғанына биыл- 30 жыл. Кеңеске - 27 ел мүше. Яғни, бұл -Азия құрлығының 90 процентін қамтитын үлкен алаң.

А. Задабек