Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жарылыс болады» деп жалған ақпарат таратқан сол мектептің оқушысы болып шықты

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2022
  • 2208

Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылды деп жалған ақпарат берген 14 жастағы оқушы болуы мүмкін. Полиция осылай дейді. Қаладағы нөмірі 2-ші Жұмекен Нәжімеденов атындағы мектепте бүгін сабақ болып жарытқан жоқ. Оқушылар топтасқан желідегі әлеуметтік парақшаға белгісіз біреу «сағат 10-да жарылыс болады» деп хабарлама жіберген. Бірден ғимараттағы 800 оқушы, 70-тей мұғалім мен техникалық қызметкер эвакуацияланды. Полиция жарылғыш затты бірнеше сағат бойы іздегенімен, тапқан жоқ. Күдікке іліккен осы мектептің оқушысы болып отыр. Дегенмен білім ошағында сабақ онлайн жалғасты.

Фаруза ШАНГЕРЕЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жақын тұратын балалар бірден үйлеріне кетті, ата-аналары келіп алып кетті. Қалған балалар тоңбау үшін 3 жерге автобусқа отырығызып қойып отырмыз, жылы жерде отыр. Бүгінге сабақты түстен кейінгі ауысымдарды онлайн режимде өткіземіз. Бұл мектеп бізде 3 ауысымды мектеп, 2 смен мен 3 смен сабақтары онлайн режимде өткізіледі.

Б. Нәдірқызы