Бүгінде оқушылар арасында есінен таңғанша тұншықтыратын ойын түрі пайда болған. Алматы облысында осы ойынның салдарынан жасөспірім төрт тісінен қағылды. Анасының айтуынша бұл оқиға Қонаев қаласындағы мектепте болған. Танымал ойынға әуестенушілер аз емес. Талып қалғанша кеңірдектен қысу қауіпті емес пе? Психологиялық сардабы қандай? Әріптесім жауап іздеді.
Зардап шеккен оқушының анасы «Экспресс К» сайтына өзінің жанайқайын жеткізген. Мектепте баласы құрдастарымен бірге бірін-бірі тұншықтырып ойнаған. Ойынның кесірінен есін жоғалтқан ұлы табалдырыққа құлап, 4 тісі түсіп қалған.
ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:
Балам сабақтан кейін еденге сүрініп, құлап қалғанын айтты. Төрт тісі сынған. Ұлым маған шындықты айтпады, кейін мен істің мән-жайын анықтадым. Бұған дейін мұндай ойын бар екенін білмеппін.
Ойынның ережесі былай: Бір адам екіншісін қабырғаға тіреп, кеудесінен басып, мойнындағы тамырын қысады. Нәтижесінде ол есеңгіреп, талып түседі. Әдетте, 10-15 секундтан кейін қайта есін жияды. Жастар арасында қазір осы ойынды қызық көргендердің қарасы көп екен.
Нұрасыл ЕРМАХАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Маған да істеген. Мен бірақ бір-екі шапалақтан кейін есімді жидым. Бірақ балалар бар құлап қалған, до такой степени 103 шақырып, әрең аман алып қалған. Эйфория болады, көзің қарауытады да құлайсың жерге. Оянбай қалатындары да бар.
Психолог мамандар мұндай ойындарды қолдамайды. Адамның психологиясына кері әсер етеді деді.
Маржан ЕЛІҚҰЛОВА, ПСИХОЛОГ:
Есеңгіреген кезде бала эйфорияға түсіп, сол сәті оларға қызық болып көрінеді. Ол бір-екі рет қайталап көргеннен кейін әсіресе мұндайға еліктеуші балалар, ол сыныпта лидер, гиперактивный оқушылар түседі. Ал оны кімге жасайды? Көбіне үндемей отыратын, психологиялық қысым көрсетуді өзіне мұрсат беретін оқушылар көбіне осындайға ілігіп жатады.
Қоғам қайраткерлері де балалар арасында қатігез ойындардың белең алып бара жатқанына алаңдаулы. «Қой» дегенге көнбейтін балаларға заңды түрде шара қолдану керектігін айтады. 50 жыл ұстаз болған Аягүл Миразова тәрбиенің мектепте де, үйде де ақсап тұрғанын жеткізді.
Аягүл МИРАЗОВА, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Қазір балалардың арасында өзі естімеген ойындардың да түрі қатігездіктің шарықтаған шегіне жетіп отыр десек, мен ойлаймын, артық айтпаймыз. Қазіргі таңда шын мәнісінде ата-аналарға, да ұстаздарға да оңай болып отырған жоқ. Жалғыз ойынмен ғана күреспеуіміз керек, жалпы тәрбиемен күресуіміз керек. Заң қарастыру керек.
Қатігез ойындардың құрбаны туралы нақты деректер жоқ. Ондай статистика бізде жүргізбейді екен.
М. Жақан