Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда мектептегі әлімжеттік мәселесін арнайы комиссия қарады

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2022
  • 2238

Атыраудағы нөмірі 25 мектепте болған оқушылар арасындағы әлімжеттіктің шуы әлі басылған жоқ. Облыс әкімдігі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері мен ата-аналарды жинады. Аймақтың бас ұстазы мектепте бопсалау болмады дейді. Ал полиция «Бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

4-сынып ата-аналары: "9-сынып оқушылары балаларымызды бопсалайды" деген мәлімдемесінен соң, мектепте күнде жиын. Оқушылар мен ұстаздардан маза қашып, әліптің артын күтуде. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мектепке келді. Облыстың бас ұстазы әлімжеттік жоқ, ол балалардың ойдан шығарғаны ,- деді.

Гүлнәр СӘДУАҚАСОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Маман мен зардап шекті деп танылған 4-інші сынып оқушылары арасында еркін форматта өткізілген диалог кезінде бұл оқиғаның ойдан шығарғандығы, күдікті адамның бейнесі барлығы жалған екендігін мойынаған және бұл маман мен балалар арасында емен жарқын диалог диктофонға жазылған.

Ал, полиция істі әлі тергеп жатқандарын айтты.

Ерлан БИҒАМБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл факт бойынша қазіргі уақытта ҚК «Бопсалау» бабы бойынша қоғалды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. барлық мектептің балаларынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалғыз ол оқушылар бар, жоғары сынып оқущшылары, төменгі сынып оқушылары бар. Сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғары сынып оқушылары ақша сұрап, ұрды деген үш ата-ананың бірі арызын қайтып алған. Ол ұлының психологпен сөйлескеннен кейін, оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады,- дейді.

Данияр ҚАҒАЗОВ, АТА-АНА:

Балалар мені соққан да жоқ. ұрған жоқ деп солай деген соң мен арызымды кері алдым. Келесі күні. Өтірікті не себептен айтқанда қасындағы балалармен ақылдасты ма білмей отырмыз. Қасындағы екі бала сөзінен қайтқан жоқ ол балалар. Ол балалар ақшаны жинаймыз, береміз деп.

Дегенмен, соңғы бір аптада өңірде жасөспірімдерге қатысты 3 бірдей оқиғаның тіркелуі, атқамінерлердің тынышын алды. Айта кетейік, облыста жасөспірімдер арасында 33 қылмыс, 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. 112 жасөспірім полиция тіркеуінде тұр.

Б. Надірқызы