Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде абақты қызметкерлері ұйықтап қалып қылмыскерден айрылып қалған

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2022
  • 1775

Ақтөбеде қызмет бабында ұйықтағаны үшін уақытша ұстау изоляторының үш қызметкері сотталды. Оқиға ауруханада болған. Қауіпті қылмысқа күдіктіні палата алдында күзетіп отырған үш конвой, мызғып кеткен. Соны пайдаланған күдікті қашып үлгеріпті. Полицейлер қашқынды бір тәулік іздеп әрең тапқан еді. Ал жұмыс орнында ұйықтап қалып, қылмыскерден айырылып қалған күзетшілерге салғырттығы үшін жаза қолданылды.

Гүлжанар ОТАРБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ақтөбе қаласы 2 сотымен Джақсыбаев, Орынбасар және Ибраимовке қатысты салғырттық айыбы бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Б. Рахметова