Шымкентте құрылыс басында 22 жастағы жігіт көз жұмды. Оның басына ағаш тақтай түсіп кеткен.
Басында каскасы болса да, жігіт ауыр соққы алып, сол жерде көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар 12 қабатты үйдің құрылысын жүргізіп жатқан. Марқұм -Қазығұрт ауданының тумасы. Жұмысқа екі апта бұрын ғана орналасыпты. Туыстары құрылыс басында қауіпсіздік ережелері сақталмағанын айтып, ашынып отыр.
Марқұмның туыстары кінәлілердің әділ жазалануын талап етуде. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
Жәнібек ТҰРЛЫБЕКОВ, ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда.
А. Төребекқызы