Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Бразилия 30 күндік визасыз режим енгізбек

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2016
  • 2764

РИО олимпиадасына баруға мүмкіндік туды. Бүгін Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы Бразилия елшілігі өкілдері 30 күндік визасыз режим келісіміне қол қойды. Енді Қазақстан азаматтары 10 күннен кейін алауы жанатын Рио олимпиадасына визасыз бара алады. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тiлеубердi келісім жақын арада күшіне енеді деп отыр. Құжаттың тиімді тұстары мол. Ол екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристiк және өзге байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бұл ЭКСПО-2017-ге меймандар санының артуына ықпал етпек, - дейді вице-министр.

Мұхтар Тiлеубердi, ҚР Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары:

Бразилия азаматтарының саны өте үлкен. 200 миллионнан астам, сондықтан келесі жылы Астанда өтетін ЭКСПО-2017-ге қонаққа келе жатады деп сенеміз. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА