Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әулиекөлдегі орманды әдейі өртеген»,- Ю.Ильин

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2022
  • 1562

Қостанай облысындағы алапат өрт «қасақана жасалған». Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин бүгін осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Әулиекөлдегі өртке байланысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен, өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам толығымен жоққа шығарылғанын жеткізді.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Үшінші қыркүйекте негізгі өртеніп жатқан орманнан екі шақырымдай жерде бөлек ошақтар болды. Тіпті шыршалардың ұшар басын жалын шарпыды дегеннің өзінде оның түйіншек бүрлері мұндай қашықтыққа ұшып түсуі мүмкін емес. Демек, әдейі өртелген. Бұл алқаптарда егін жиналып, шөп орылып жатқан. Шөпке қолмен от қойылғаны сөзсіз. Осыған ұқсас жағдай Батыс Қазақстан облысында да болып, кінәлі адам ұсталып еді. Ол өзі дайындаған шөпті қымбатырақ бағаға сату үшін өзгенің маясын өртеген. Дәл сондай жағдай болуы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысындағы өртке байланысты орман шаруашылығы басшысы қамауға алынды. Өңірде өрт 2-ші қыркүйекте басталып, келесі күні орманға лап қойған еді. Орманға жақын орналасқан бірнеше ауылдың халқы эвакуацияланған еді. Қосымша күш жіберіліп, тілсіз жау тек 10-шы қыркүйекте ғана ауыздықталған болатын.

Ә. Дүкембаева