Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы үйлердің бірінен адам сүйектері табылды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2022
  • 3089

Оралда құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылды. Құрылысшылар ескі үйді бұзып жатып, адамның қаңқасын кездестірген. Осыдан кейін олар тәртіп сақшыларына хабарласыпты. Қазір табылған сүйектер сараптамаға жіберілді. Егер сүйектердің осы жерде 60 жылдан астам уақыт бойы жатқаны анықталса, қылмыстық іс жабылады, дейді полиция. Бір қызығы, адам қаңқалары бұзылған үйдің шатырынан да табылған. Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Орал қаласын қорғау үшін кезінде осы жерден бекініс салынған көрінеді. Демек, сол кезде қаза тапқандардың мүрдесі болуы да мүмкін. Әрі бір ғасыр бұрын осындағы шіркеулердің қасында қорым болған.

Владимир КУТИЩЕВ, ТАРИХШЫ:

Азамат соғысы кезінде қызыл әскерлер жау деп күдіктеніп, жергілікті оралдықтарды жазықсыз айыптап атып өлтірген. Бұлар шамасы сол құрбандардың бірі болуы да мүмкін. Шамасы соларға жан ашыған тұрғындар мүрдені өзінің ауласына көміп, сырт көзден жасыруы да мүмкін.

Е. Карин