Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір ауысымда екі жүз науқасты қабылдайтын медициналық орталық ашылды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2022
  • 1778

Ақмола ауданының Қоянды ауылында жаңадан денсаулық орталығы ашылды. Қала тұрғындары енді түрлі санаттағы дәрігерлерден медициналық көмек ала алады. Отбасылық денсаулық орталығында 36 дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір ауысымда екі жүз науқасты қабылдауға дайын. Мұнда хирург, гинеколог, тіс дәрігерлерінің кабинеттерімен қоса, оңалту орталығы бар. Денсаулық орталығы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ашылды.

Алма АЙТҚОЖЫНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОЯНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Эндохирургия орталығында 8 мың адам қаралады. Штат жақсы, ғимарат кең. Бастысы – дәрігерлер халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Енді ашылып жатса да, әртүрлі счанаттағы мамандар жұмысқа орналасады деген сенімдеміз.

А. Серік