Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде алты айда 14 тонна азық-түлік талапқа сай емес деп, саудадан алынған

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2016
  • 2193

Жарты жылда 14 тонна тауар талапқа сай болмай шықты. Оның 64 пайызы - азық-түлік. Зертханалық тексеріс кезінде тағамдардың 15 пайызы техникалық регламенттерге сай емес екені белгілі болды. Тауарлар жойылып, иелеріне айыппұл салынған.

Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өкілдері хабарлады. Тағамдар адам денсаулығына қауіпті деп танылған. Өйткені ішек таяқшасы, сальмонелла сынды қауіпті вирустар табылған. Сапасыз өнімдердің арасында отандық өнімнен бөлек, Ресей, Белоруссия және өзге шетелден импортталған тауарлар бар. Қауіпті тауарлар тізімі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.

Хамит Кудратуллаев, ҚР ҰЭК ТҚҚК басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы:

Сәйкессіздіктерді пайыздық бөлетін болсақ, 19 пайызын қауіпсіздік талаптары құрайды. Оның ішінде патогенді микрофлораның болуы, ішек таяқшаларының, ашытқылардың, зеңнің болуы деген сияқты. 13 пайызы тұтынушыларды алдау фактілері, 68 пайызы техникалық регламенттерді көрсетілген таңбалаудың талаптарының сақталмауынан келіп түседі. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ