Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке үміткер ретінде тағы екі кандидат тіркелді

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2022
  • 1369

20-шы қараша кезектен тыс өтетін Президенттік сайлауда Салтанат Тұрсынбекова да бақ сынайтын болды. Бүгін оған Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке үміткер куәлігін табыстады. Салтанат Тұрсынбекованы саяси додаға "Қазақ аналары — дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Оның лингвистикалық емтиханн кезінде мемлекеттік тілді еркін білетіні белгілі болды. Үміткер 18 өңірден 119 мың 316 азаматтың қолын жиналған.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

118 273 саны бойынша қажетті сан қамтамасыз етілді. Салтанат Тұрсынбекованы президенттікке кандидат ретінде тіркеуге керек барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды.

Сонымен қатар Нұрлан Әуеспаев та, Президенттікке алтыншы үміткер болып тіркелді. Орталық Сайлау Комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, Қазақстанның 15 өңірінен 120 мың 908 азаматтан қол жинаған. Орталық сайлау мүшелері үміткердің кандидатурасын талаптарға сай келетінін айтты. Айта кетейік, Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан сынға түседі.

Ә. Дүкембаева