Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы арнайы дәріс курс оқып жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2022
  • 2638

20-шы қараша күні барлық сайлау учаскедегі дауыс беру барысын, Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы бақылайды. Қазір олар Саяси менеджмент академиясы әзірлеген оқыту курсынан дәріс алуда. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның басты ұстанымы – алдағы президенттік сайлау заң талаптарына сай өтуі. Электоральды процестің әділ және ашық болуына қамтамасыз ету үшін Саяси менеджмент академиясы байқаушылар үшін арнайы курстар ұйымдастырған.

Темірлан ЖАУЖҮРЕК, САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Президенттік сайлаудың әділ, адал, ашық түрде өтуі ең басты кепіл бұл бақылаушылардың дайын болуында. Қазіргі таңда Саяси менеджмент академиясы арнайы бақылаушыларға арнап курс әзірледі және осыған орай әдістемелік ақпараттарды дайындады.