Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық өнеркәсіптік алпинисттер қауымдастыққа бірікпек

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2016
  • 2079

Қазақстанда өнеркәсіптік альпинизм қызметін ұсынатын компаниялардың тең жартысы ешбір дайындықсыз, рұқсатсыз жұмыс істеп келеді. Олардың жұмысын реттейтін қазір басы бүтін заңды құжат та жоқ. Бұған дейін қолданыста болған Төтенше жағдайлар министрінің «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» туралы бұйрығы 2015 жылы күшін жойған. Қауіпті қызметтің жауапкершілігі мен сапасын арттыру үшін «Өнеркәсіптік альпинизм» қауымдастығын құру ұсынылды.

Қайыр Ибраев, «Атамекен» ҰКП ШОБ дамыту департаментінің директоры:

Мүдделі орган болған жоқ. Әр компания өз күнін көріп келді. Қызмет түрінің қаншалықты қауіпті екені айтпай-ақ белгілі. Бүгінге дейін оған мән берілмей келді. Енді нарық ойыншыларының өздері қызығушылық танытып отыр.

Бизнес субъектілері салалық қауымдастық құру бастамасын бір ауыздан қолдады. Бірінші кезекте альпинистер қауіпсіздігі мәселесі тұр. Мамандардың дайындығын нықтап, міндетті сақтандыруды заңмен реттеу керек, деген ұсыныс айтылды. Қазір оның көлемі 20 мың теңге шамасында. Алайда алдымен табысты ойлайтын кәсіпкерлер қауіпсіздікке немқұрайлы қарайтын көрінеді.

Арман Хасенов, кәсіпкер:

Қауіпсіздіктің барлығы жұмыс берушінің жауапкершілігіне байланысты болып отыр. Ешбір заңды құжатпен бекітілмегендіктен, қалауына қарай сақтандыру алады. Артық шығындалғысы келмейтін компанияларда қауіпсіздік соңғы орында. Сондықтан қызметтің құнын төмендетеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ