Русский Сайттың толық нұсқасы

Тарихи күн жайлы көпшілік нені білу керек?

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2022
  • 1502

13 жылдан кейін биыл алғаш рет биыл Республика күні тойланады. Тарихи күн жайлы көпшілік нені білу керек? Тұңғыш Қазақстанның баспалдағы болған 25-ші қазанның маңызы не? Тілшіміз тарқатады.

13 жыл тойланбаған төл мереке бүгінде ел тарихында төрге шықты. Академик Өмірзақ Озғанбаевтың пайымынша, "Егемендік декларациясы мен Тәуелсіздік декларациясы арасында маңызды сабақтастық жатыр. Республика күні мерекесін жаңғырту өте дұрыс қадам болды" дейді.

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, ҒАЛЫМ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл декларацияны осыншама жылдан кейін, біздің халқымызға қайта қауышты. Бұған себеп болған, осы жылы Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен өткен халықтық құрылтайда осындай шешім қабылданды. Сол мереке биыл ұлттық мереке болып оралды.

Дегенмен, декларация егемендік пен тәуелісіздіктің алғашқы баспалдағы екені сөзсіз. Бүгінде Ұлттық мереке елдіктің биік байрағын желбіретеді. Біраз уақыт тасада қалған мереке қайта жанданды.

Мақпал МЫСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Еңсесі биік терезесі тең, егемен ел болып әлемге танылдық. Осы декларацияның қабылдануымен мемлекеттігіміз, халықаралық қатынастардағы дербестегіміз, халқымыз, территориямыз, ұлттық рәміздеріміз бекітілген болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Қоғам қайраткерлері айшықты күн лайықты дәрежесінен көрініп, өз мәртебесіне ие болатынына сенімді. Дегенмен, бұқараның көкейіндегі Тәуелсіздік мерекесінің тағдыры не болмақ? " деген сауалға мемлекет басшысы жауап берген еді. Ол: "Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады" деді. Демек, Егемен ел болуға зор үлес қосқан батырларға тағзым күні ретінде,

Мемлекеттік мереке болып қала береді.

Ә. Дүкембаева