Русский Сайттың толық нұсқасы

"Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке", - Т. Шарманов

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2022
  • 2190

Республика күні егемендігімізге жол ашқан күн. Сол күн қабылданған декларация тәуелсіз ел болуға негіз болған құжат. Елдің егемендігі - сол елде өмір сүретін әр азаматтың еркіндігі дейді академик Төрегелді Шарманов. Мықтап бекітілген шекарамыз бен дара бір Республика болып қалыптасуымыз - баға жетпес құндылық екенін еске салды.

Төрегелді ШАРМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Республиканы айту өте қажет. Өйткені біз тәуелсізбіз, бірақ қай кеңістікте тәуелсізбіз? Өзіміздің Республика деп аталатын мемлекетіміздің шекарасында. Сол үшін мен бүкіл тәуелсіз мемлекетте тұрып жатқан ұлтымның ұлдары-қыздарын, ұлтымның азаматтарын барлық жүрегіммен құттықтаймын.

А. Базарбай