Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің аймақтарында Республика күніне арналған автошеру өткізілді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2022
  • 1758

Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке, биыл сән салнатаымен ерекшеленді. Әсіресе автоәуесқойлардың белсенділігі жоғары болды. Олар еліміздің барлық аймағында бір кісідей жұмылып, автошеру ұйымдастырды. Көк туды желбіретіп, көпшіліктің көңілін көтергендер туралы келесі материалда.

Мерекеге арналған автошеру Алматыдағы Республика алаңынан басталды. Көліктер «25» санын бейнелеп, сап түзеді. Бұл көрініс Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күнін білдіреді.

Әкежан КЕҢЕСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл акцияның негізгі мақсаты – қазіргі жастардың бойында отаншылдық сезімді ояту. Және мына Республика күнінің маңыздылығын жастар арасында насихаттау болып табылады. Бұл акциямызға қаламыздың белсенді жастары, тұрғындары ат салысуда.

Бас қаланың тұрғындары да автошеруді қолдады. Елорданың орталық көшелерімен жүрген 25 көліктіполиция қызметкерлері алып жүрді. Олар қауіпсіздікке баса мән берді.

Мағзұм АРСЛАНБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең басты мақсатымыз ол патриоттық және де рухын ояту. Соның аясында бүгінгі күні 25 қазанда «Республика күніне» орай бүкіл республика бойынша авто шеру өтуде. Ол әр аймақта 25 көліктен құралатын автокалона осы біздің мемлекетіміздің туымен бірге өтетін болады.

Оралдықтар да Республика күніне ерекше құрмет көрсетті. «Жастар рухының» жастар қанаты ақ түсті 25 көлікті іріктеп алыпты. Көк байрақты көкке көтере желбіреткен осы көліктер колонна түзіп, шаһардың басты көшелерімен жүріп өтті.

Архат ИСЛАМҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Автошеруді ұйымдастыруға ұсыныс тастағанда біздің қала тұрғындарының барлығы өздерінің ниеттерін білдіріп, ұсынысымызды қолдап кетті және ақ түсті көліктері бар тұрғындар өз еріктерімен демалыс күнге қарамастан, осы автошеруімізге қатысып отыр бүгінгі таңда.

Көк туды желбіреткен автоколонна кейін Орталық алаңға бас тіреді. Мұнда мерекелік концерт ұйымдастырылып, жергілікті әншілер өз өнерін паш етті. Туған жерге арналған патриоттық әндер шырқалып, қаладағы бас Ту көкте желбіреді.

Е. Карин