Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2016
  • 3232

Бүгін мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда адам өлімі туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Аспан асты еліндегі су тасқыны елдің орталығы мен солтүстік бөлігін шайып кетті. Кем дегенде 150 адам қаза тауып, ондаған адам іс-түссіз кеткен. 53 мың үй су астында қалған. Жүз мыңдаған адам мерзімінде көшіріліп үлгерген. Алайда халық, "билік апатты алдын ала ескертпеді" деп, наразылық білдірді. Маусымның аяғында басталған жаңбыр толассыз жауған. ВВС-дің хабарлауынша, жаз басталғалы 200-дей адам су тасқынының құрбаны болған.