Ақтөбеде Елек өзенінің жағасындағы бұталардың арасынан екі жігіттің мәйіті табылды. Прокурорлардың мәліметінше, екеуін де қинап өлтірген. Олар 27 және 31 жастағы қала тұрғындары екені анықталды. Сот медициналық сараптама тағайындалған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Өркен ЕЩАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Көрсетілген мекен-жай бойынша бұталардың арасынан 1991 ж.т. А.Көшкімбаевтың және 1995 ж.т. С. Тулеуовтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттері табылды.Сол себепті аталған дерекке байланысты Алматы ауданының №3 ҚПБ-мен ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Б. Рақметова