Русский Сайттың толық нұсқасы

«Су тапшылығын мемлекеттік деңгейде шешу керек!»,-Ж.Дайрабаев

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2022
  • 1234

Су тапшылығын мемлекеттік деңгейде шешу керек! Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев қызылордалық шарулармен кездесуде осылай деді. Ел ырысына айналған Сыр күріші – өңір бренді. Алайда соңғы жылдары Сырдария өзенінің тартылып, облыстың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделеніп отыр.

Кандидат Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады. Судың тапшылығы күріш шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Жигули Дайрабаев ғылым мен өндірісте үндестік керек деді. Кандидаттың бастамаларын қолдаған шаруалар мен ғалымдар бірлесе әрекет етіп, оңтайлы шешім қабылдауға дайын екенін жеткізді. Мұнан соң Дайрабаев береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында ең көрікті елдімекенге айналған Нағи Ілиясов ауылында болды. Жұртшылықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күріш суға толмай, мына топырақтың жағдайы болмайды. Сапасы болмайды. Бұл бір мәселе. Екінші мәселе. Арал проблемасы. Қызылорда өңірін экологиялық проблема мазалайды. Халық ол туралы бүгін кездесуде айтты.

Р. Бақытжанқызы