Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Әбден Керекудегі дарынды балаларға арналған музыкалық колледжге барды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2022
  • 2066

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодардағы дарынды өнерпаздар даярлайтын оқу ордасында болып, ұлттық өнерді ұлықтаудың тетіктерін талқылады.

Қарақат Әбден Керекудегі дарынды балаларға арналған музыкалық колледжге барды. Оқытушылармен кездесіп, талантты жастардың өнерін тамашалады.

Алпыс жылдан астам тарихы бар колледже қазір 300-ден астам жас білім алып, өнерін шыңдауда. Мұнда халықтық аспап, ән салу, шекті аспаптар секілді 10 бөлім бар. Студенттердің 80 проценті -ауылдық жерлерден. Білім алу -тегін. Қарақат Әбден ұстаздармен кездесуде сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Қарақат ӘБДЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Ұлттық тәрбиені, ұлттық дәстүрді қоғамға насихаттайтын ол - біздің ұстаздар. Осыны ұмытпауымыз керек. Музыкалық колледжге неге келдік? Себебі, өнер, музыка арқылы қоғам тәрбиеленеді. Осы кісілердің жұмыстары өте зор.

Кездесуден кейін кандидат облыстағы өңірлік штабқа ат басын бұрды. Штабта 3 адам жұмыс істейді. Аймақтағы 200 еріктінің 15-і осы Павлодарға тартылған.

Т. Әлжанов