Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Ж.Дайрабаевты Арал мәселесі алаңдатады

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2022
  • 2380

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Арал қаласына барды.

Жигули Дайрабаевтың сайлауалды бағдарламасы аграрлық саланы дамытып, өңірлердің ұлттық ерекшелігі мен артықшылығын сақтай отырып жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Аралдықтармен кездескен кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жұртшылықпен ауыл шаруашылығы және экологиялық мәселелерді шешу жолдары жөнінде әңгімелесті.

Серікбай ӨМІРЗАҚОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Арал әлемдік деңгейде көтеріліп жатқан мәселе. Себебі осы жаһандық климаттың өзгерісі және су ресурстарының азаю жағдайындағы экологиялық проблемалардың туындауы, мемлекет тарапынан пәрменді іс-әрекетердің арасында кіші Арал теңізі пайда болды. Балық шаруашылығы жолға қойылып, бұрынғы көшіп кеткен ел қайта оралып, өңірде игі жақсы істер болып жатыр.

Р. Бақытжанқызы