Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда да жылуы мен суы жоқ тұрғындар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2022
  • 1762

Елордада 160 пәтерлік көпқабатты үйде жылусыз отыр. Күздің қара суығы басталса да, жауаптылар орнынан қозғалар емес, дейді бұқара. Жұрт амалсыздан электр пешін пайдалануға мәжбүр. Ал бұл электр ақысын еселеп жіберді дейді. Арнамызға шағымданған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз Әсел Дүкембаева тарқатады.

Байқоңыр ауданы Телжан Шонанұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйде жылу атымен жоқ. Зейнолла қарт жарымен бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Әзірге электрлі жылытқыш пештермен жан бағуда. Ол аздай, судан да тарығып отыр.

Зейнолла ОМАРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

30 сентябрьде жылу қосылды. Сол уақыттан бері біздің үйде жылу болған жоқ. Кішкентай балалар бар, үлкен кісілер бар. Ол аздай мына трубалар шіріп кеткен, өзім кіріп көргенмін. Жіберсе бірден жарылады. Алдында да болды. Жылда өшіреді, жібереді, ештеңе істемеген ғой. Тесіктерін жамайды. Подвал суға толып тұр.

Мұндағы 162 пәтердің мәселесі - осы. Жауаптыларға бара-бара шаршаған. Күйі кеткен үйді тұрғындар апатты дейді. Себебі, қай күні кімнің басынан не құлайтынын да білмейміз деп отыр.

Татьяна СМИРНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

21 ғасырда біз неге бұлай күн көруіміз керек? Суды далада тасып ішіп отырмыз, әжетхана сыртта, жылу атымен жоқ. Ешқандай қарызымыз жоқ, бірақ неге біз осындай қорлық көріп отырмыз. Бұл жерге әкімдік тарапынан жауаптылардың бәрі келді. Содан кейін 2 көлік жіберді болды.

Осы үйге жауапты пәтер иелері коперативі өкілдеріне хабарласып көрдік. Телефон тұтқасын көтерген жауапты өкілдің жауабы қысқа болды.

"ОВЕЧКИН" ПИК ӨКІЛІ:

Біз кетпей тұрып үйде жылу да су да болды. Барлығын жөндегенбіз. Содан соң тұрғындар біздің қызметкерлерімізді кіргізуден бас тартты.

Дегенмен бұл ПИК-тің қызметіне әкімдіктің көңілі толмайды екен. Олар аталған мекеме бұдан былай жұмысын жалғастырмайды деді.

Досхан ТҰЯҚБАЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кәріз жүйесін Овечкин деген жамап жөндеп қана істеген бірақ толықтай жұмыс жасамаған. Толықтай кәріз жүйелерін ауыстырдық, канализацияны толықтай тазалап бердік. Уақытша биотуалет орнатып бердік. Ыстық су, суық су болмады. Су бәрі бар, кәріз жүйесі толықтай жұмыс істеп тұр. Тек қана жылу жүйесі ғана жұмыс жасалынып жатыр. Бұйырса екі-үш күнде бітіреміз ба деп отырмыз.

Әкімдік айтқан екі биоәжетхана 162 пәтерге беріліпті. Жұртшылық қыс түспей үйіміз жылынса дейді.

Ә. Дүкембаева