Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат М. Қажыкеннің Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2022
  • 1731

Президенттіке кандидат Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Үміткер өңірдегі ірі компания басшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алдағы уақытта аймақтағы барлық еңбек ұжымдарымен кездесу жоспарланған.

Ұлытау облысында Мейрам Қажыкеннің үгіт парақшалары таратылып, халыққа сайлауалды тұғырнамасы түсіндірілуде. Орталық көшелерде билбордтар мен плакаттар ілінген. Қазір өңірдегі қоғамдық кеңседе 12 қызметкер мен 15 волонтер жұмыс істеп жатыр. Іс-шаралар жоспарға сай жүруде. Ұлытау облыстық штаб басшысы «Ұлытау – өндірісті өңір болғандықтан мұнда кәсіподақ бірлестіктері көп», - дейді. Сондықтан Мейрам Зекешұлы аймақтағы ірі компания және зауыт басшыларымен кездесті. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы әлеуметтік әріптестік жайын талқылады. Үгіт-насихат науқанының соңына дейін өңірдегі барлық еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Берік ЖАҒЫПАРОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізі Жезқазған, Ұлытау аймағы көп өндіріс алпауыттарынан тұрады. Жұмыскерлер көп бізде. Біздің мақсатымыз, әрбір ұжымға барып, әрбір адамға жеткізіп, өзіміздің программамызды, үміткердің программасын көрсетіп, түсіндіріп... Көп насихат жүргіземіз. Еңбек ұжымдарымен кездесеміз.

А. Задабек