Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 7 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2022
  • 1447

Батыс Қазақстан облысында 7 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Қазір 4 ауданның халқы қараңғылық құшағында отыр. Қалың қар мен ұйытқыған жел электр желілерін зақымдаған.

Облыс жолдарында ақтүтек боранның кесірінен қатынас қиындады. Тек түс ауа күн жылынып, қар еріп кетті. Бірақ қардың салмағын көтере алмаған ағаштар сынып, көп жерде электр сымдары үзілді, тіпті бағдаршамдар істен шықты. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, апаттық құтқару қызметіне тұрғындар тарапынан түскен шағым әдеттегіден 5 есе көбейген. Бірақ шенеуніктер халықтың бәрін бірдей бүгін жарықпен қамтамасыз ете алмаймыз деп ашық айтты. Себебі қаладағы электр желілері әбден тозған.

Мирас МҮЛКАЙ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде, Орал қаласында орналасқан электр желілерінің тозуы 80 пайыздан астам. Біз барлық жерлерге электрді бүгін береміз. Бірақ та столбадан үйге кіретін сымдарға қатысты өтініштер бізде әлі қалуы мүмкін. Бірақ мен қазір 100 пайыз қосылады деп айта алмаймын.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, батыс өңірде әлі екі күн бойы қар жауады. Ал қарашаның бел ортасынан ауа минус 25 градусқа дейін аяз болады.

Е. Карин