Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік салаға жауапты қызметкердің ісі сотта қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2016
  • 3213

Оңтүстік Қазақстанда Мақтарал ауданындық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері 2 млн 300 мың теңгені талан-таражға салған. Шенеунік халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарға тиелісі мемлекет қаржысын бұл салаға мүлдем қатысы жоқ, бөгде азаматтардың есеп шотына аударып келген. Оның үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін аймақ прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Жұматаев айтты. 

Нұрсұлтан Жұматаев, ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

Бұл жерде төрт-бес специфика бар, бұл жерде аз қамтамасыз етілген отбасылар бар. Оның ішінде еңбек жалақылары да бар, оның ішінде өзге де санаттағы адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер бар, солардың барлығы жинақталған кезде 2,3 млн теңге, былайша айтқанда, мемлекеттен осал топқа берілетін қаржылар мүлдем өзінің түпкілікті адресатына дұрыс жетпеген.

Айта кетейік, өңірде алты айда 800 мүгедек жан мен 30 қарттың құқығы бұзылған. Атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз тағайындаудың 80 фактісін анықталған. Сарыағаш ауданында қарттарға жәрдемақы беруде өрескел заңбұзушылықтар болған. Оның шарапатын көмекке мүлдем мұқтаж емес жандар көріп келіпті. «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдармаласын орындауда да заңсыздықтар тіркелді. Прокурорлар жыл басынан бері 45 адам жұмысқа тек құжат бойынша орналастырылғанын анықтады. Есесіне жоқ адамға мекемелерден 7 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы төленіпті. Қазір осыған байланысты 4 бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ