Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда демеушілік қаржыдан қағылдық деген зағиптар бас көтерді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2022
  • 2137

Атырауда зағиптар бас көтерді. Олар демеушілік қаржыдан қағылдық дейді. «Қазақ соқырлар қоғамының» Атыраудағы филиалына жаңа басшы келгелі, көмек алуды ұмыттық деп отыр. Ашулы топ тіпті қайтадан басшы сайлауды ұсынады.

Зағиптардың жалғыз талабы – ашықтық. Олар түрлі ірі кәсіпорындардан келетін демеушілік қаржы аз ғана топтың мүддесі үшін жұмсалып отыр,- деп шуласты. Біз жыл сайынғы жарнаның жинап алуға келгенде ғана керекпіз,- дейді.

Алтынай АБДИРОВА:

Дәрі-дәрмегімізге қаржылай көмек сұраймын, жағдайымызды айтып, бірақ ақша жоқ. Қашан сенің үйің өртенеді, қашан сенің үйіңнен адам өледі сонда ғана беріледі. Мүгектерді отырғызамын, анда апарам, мында апарам деп алады. Оның ішінде , қайсысын не істеп не қойып жатқанын. Ол алған ақшадан біз қайыр көріп жатқан жоқпыз.

Самидолла БИСЕНОВ:

Әрбір мекемелерге жалпы тізімді көрсетеді де ақшалай, тамақтай, зат алады да өзінің адамдарына беріледі. Ресторан, кафеге өз адамдарын шақырады. Біз тыста қалып қоя береміз. Взносқа 1200 теңге шақырып алып төлетеді. Қоғам мүшесісіз ғой деп.

Наразылықтарын ашық айтқан топ, қоғам мүшелерін қайтадан жинап, жаңадан басшы сайлауды талап етті.

Эльвира ЕРҒАЛИЕВА, І ТОП КӨЗ МҮГЕДЕГІ:

Дұрыс басшы керек. Бұл спортпен айналысады. Өзінің айналысындағы адамдармен спортпен айналысып, анда барып, мында барып жүргенімен, ешқандай қоғамда төрағалық міндетін атқармайды. Тек қана 10-15 спортсмен жігіттерді емес, біздің де жағдайымызды білу керек.

Филиал басшысы зағип жандардың зарын тыңдауға келген жоқ. Туысы дүниеден озғанын айтып, тілшілерге телефонмен түсінік берді. Ол айтылған уәж – қып-қызыл жала деді.

Аманқос ӘБДЕШЕВ, «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» ҚБ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көмектескен споносорлардың, сәйкесінше, олар көмектерін алып отыр. Оны дәлелдейтін ведомство барлығы бар. Барлығына бірдей жеткілікті беріледі деп айта алмаймын, бізге қалай көмек келеді, 250 адамның барлығын бірдей қамту мүмкін емес.

Филиал басшысы соңғы кездері кәсіпорындардан демеушілік азайғанын айтады. Оған қоса соқырлар қоғамының басты талабы – ақша үлестіру емес, мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға қосу деді. Айта кетейік, қоғамның 500-ден астам мүшесі бар, олардың 250дейі қалада тұрады. Наразы топ қаражаттың кімге, қалай бөлініп жатқандығын ашық айтпаса, құзырлы орындарға арыз жазбақшы.

Б. Нәдірқызы