Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі лаңкестік әрекетке қатысы бар деген 9 күдіктінің қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2016
  • 2716

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттен соң ұсталған күдіктілердің қамау мерзімі тағы 2 айға дейін ұзартылды. Олар теракт жасады деп айыпталған 9 адам. Сот бұған дейін күдіктілерді 2 айға қамау туралы санкция шығарған болатын. Қазір оларға қатысты тергеу ісі жалғасып жатыр, - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

27 шілдеде келіп түскен өтініш Ақтөбенің нөмірі екінші сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Оған сай қамауда отырған Таңатаров, Иманғалиев, Қуанышбаев, Қуанышбаев, Садыхов, Әбдрахманов, Жұбанов, Ақпанбетов және Рахметовтің қамау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды.

Айта кетерлігі, қазір өңірде радикалды теріс ағым жетегінде кеткендерді дәстүрлі ислам жолына салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, соңғы жарты жылда 215 адам түзу жолға оралған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ