Русский Сайттың толық нұсқасы

"Байқаушы - дауыс берудің ашықтығының кепілі"

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2022
  • 1683

"Байқаушы - сайлаудың ашықтығының кепілі". Астанада осындай атаумен дөңгелек үстел өтті. Оған Партиялық емес байқау орталығы мұрындық болды. Олар 20-шы қарашада өтетін сайлау әділ, әрі дауыс беру процесі ашық болудың маңыздылығын талқылады. Шараға президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдері қатысты. Кездесу барысында Партиялық емес байқау орталығының қызметі таныстырылып, алдағы сайлаудағы міндеттері айқындалды. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Төлеген КҮНӘДІЛОВ, ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау науқанына байқаушы ретінде ниет білдірген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырып, осы жерде бір қоғам өкілдері болып, тәуелсіз байқаушының әдеп кодексін тұжырымдаманы қабылдап, Орталық Сайлау комиссиясына ұсынғалы отырмыз.

Ә. Дүкембаева