Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әуежайы ғимараты жеке компанияға заңсыз сатылған

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 1770

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов әуежай ғимаратының кейбір аумақтарын жеке компанияға заңсыз сатып жіберген. Бұл туралы Бас прокуратура айтты. Қазақстанға қаражатты қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіру аясында прокуратура органдары қазір тәуелсіз талдаулар мен тексеру шараларын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Заңсыз иеліктен шығарылған нысандарды, берілген жер телімдерін қайтару бойынша 13 талап-арыз берілген. 5 миллиард теңге заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан 140 мың гектардан аса жер телімі қадағалау актілерімен қайтарылған. Олигополиялардың пайдасына негізсіз шығарылған сот актілерінің күшін жоюға 23 наразылық берілді. Прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша, қылмыстық қудалау органдары әртүрлі теріс пайдалану, мемлекет мүлкі мен бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша 12 соталды тергеу амалдарын бастады.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Алматы қаласының халықаралық әуежайында сауда дүкендері, барлар мен мейрамханалар аймағын заңсыз сату анықталды. Оны 2003 жылы Алматы қаласының әкімі В. Храпунов жеке компанияға 333,7 млн теңге сомасында жалған берешекті өтеу есебінен заңсыз берген. Біз сотқа әуежай терминалының 1601,1 шаршы метрлік үй-жайларына қатысты құқық белгілеуші құжаттарды заңсыз деп тану туралы талап арыз бердік.

М. Жақан