Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында екі ауыл карантинге жабылды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 1978

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды. Шектеу шаралары Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан және Қызылата ауылында енгізілді. Бұл елдімекендерде ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Жұқпалы ауру көрші ауылдарға тарап кетпеуі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады. Қазір сарып анықталған малды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Көпшілік өзге төрт түлігін сыртқа шығармауы тиіс. Барлығы мал дәрігерінің бақылауында болады.

А. Төребекқызы