Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жамбыл облысына барды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 1628

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері, Жамбыл облысына барды. Онда зиялы қауыммен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, педагогтармен және студенттермен кездесу өткізді.

Бүгінде Қазақстанда 130 этнос өкілі тұрады. Ал, Жамбыл облысында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Сондықтан да өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов кез келген қоғамды дамытудың басты шарты келісім екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ БАСШЫСЫ:

Егер адамдар бір – бірін естуді тоқтатса, бұл үлкен проблемалардың бастауы болады. Мұның соңы не болатынын, біз көптеген көрші елдерден көріп отырмыз. Конституциямен еліміздің әрбір азаматына, оның этникалық тегіне қарамастан, барлық жағынан тең мүмкіндіктерге кепілдік беріледі. Бұл болашақта да өзгермейді.

Бұдан соң, штаб мүшелері өңірдегі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде болды. Онда кандидаттың сайлауалды бағдарламасының білім және ғылым саласындағы басымдықтары талқыланды. Жиыннан соң, штаб мүшелері ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, мәдениет пен өнерді қолдау шараларына тоқталды.

Б. Сатуов