Елордада "Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Оған құқық қорғау органдары академиясының ведмоствоаралық ғылыми-зерттеу институты мен Еуразия ұлттық университеті ұжымы қатысты. Бірлескен шарада қылмыстық процестің жалпы құқықтық принциптері, жеке сот орындаушылар институты мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу сынды мәселелер талқыланды. Отырыста жалпы саны 8 секция жұмысы қаралды. Конференцияда бірқатар ұсыныстар айтылып, ғылыми саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жәйі сөз болды.
Қанат БӘЙЕТОВ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВЕДМОСТВОАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Академия жүргізетін зерттеулердің барлығына бізбен бірге алыс-жақын шетелдердің ғалым, заңгерлері, тәжірибелік қызметкерлер тікелей атсалысады.Ол біздің ойымызша,осы ғылыми еңбектердің объективті тұрғыдан орындалуына үлкен септігін тигізеді.
Б. Сатуов