Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастардың жасы 35-ке ұзартылуының тиімді тұсы көп

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2022
  • 2211

Елімізде жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғаюы мүмкін. Егер заң жобасын Мәжіліс пен Сенат мақұлдаса, 35 жасқа дейінгі жастардың саны 2,5 млн-нан 6 мл-ға артпақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Министрдің мәліметінше, бұл өзгеріс көптеген жастың мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерге қол жеткізуіне сеп болмақ.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бұл біздің жастардың жалпы мына пәтер алу немесе басқа да жеңілдіктерді жастардың қатарында алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы біздің жастарымызды қазір енді 2,5 млн болса 6 млн-ға дейін жастар жалпы халқымыздың едәуір бөлігін құрайды. 04.08-Жастарға байланысты бізде көптеген сыйлықтар бар. Көптеген байқаулар бар.

А. Төребекқызы