Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың РҚШ мүшелері Қостанай және Ақмола облыстарына барды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2022
  • 1257

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қостанай және Ақмола облыстарына барды. Онда сайлаушылармен 60-тан астам кездесу ұйымдастырды.

Қоғамдық штаб өкілдері алдымен Қостанай облысының Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесті.

Асхат ОРАЛОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері ел аумағында 10 мыңнан аса іс-шара өткізді. Аймақтардағы сайлаушылармен кездесу барысында ең шалғайдағы елді-мекендерді толық қамтуды мақсат еттік. Қостанай облысына келіп ең алдымен осы өрт шалған Әулиекөл ауданының жағдайын білу үшін сіздерге, ең алдымен келіп отырмыз.

Бұдан соң, штаб мүшелері Қостанай жұртшылығымен жүздесті.Онда сайлаушыларға әділетті өңірлік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған сайлауалды бастамалар түсіндірілді. Жиыннан соң кандидат жақтастары Қостанай өңіріндегі «Агромашхолдинг» пен «Баян Сұлу» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Жұмыспен қамту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша пікірлесті. Штаб мүшелерінің насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен жолықты. Кандидаттың білім беру құндылықтарын ілгерілету, білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі бастамалары туралы әңгімелесті.

Б. Сатуов