Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде ата-аналар бассейнге барып жүрген балаларының жаппай аллергиялық дертке шалдыққанын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2022
  • 1989

Ақтөбеде бір топ ата-ана дабыл қақты. Айтуларынша, бассейнге барып жүрген балалары шетінен жөтеліп, үстіне бөртпе шығып, аллергияға ұқсас жұмбақ дертке шалдыққан. "Бәленің бәрі сол бассейннен басталды" деп, мұны спорт кешенінен көріп отыр. Ал кешен басшылығы бұған не дейді?

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Бұл -«Достық» бассейні Ақтөбедегі ең ірі бассейндердің бірі. Мұнда төрт ауысыммен 800-ден астам бала суға жүзу спортымен айналысады. Ата-аналардың айтуынша, соңғы кезде балалардың денсаулығынан кінәрат байқала бастаған.

Балалар бассейннен келгеннен кейін көздері қызарып, қышынып, тіпті тоқтамай жөтелетін көрінеді. Ата-аналардың айтуынша, бұл -бассейнде хлордың мөлшері тым көп болуынан.

Динара КҰТЫҒАЛИЕВА, АТА-АНА:

Балаларда сухой кашель. Жөтел, тошнота, терілерінде жара, аллергиялық жаралар бар. Хлор көп деп ойлаймын. Мүмкін вытечка дұрыс жасамайтын шығар.

Руслан МҰХАМЕТЖАНОВ, АТА-АНА:

Жаттығып келгенде баладан байқайсын көздері қызарып тұрады. Хлоры көп дейді. Вентеляция жоқ, іште ауа тар дейді.

Балалар мұнда келген сайын осы белгілер қайталанатын көрінеді. Өйткені бассейн суы жылына бір рет ғана ауыстырылады. Отыз шақты баланың ата-анасы бассейн басшылығына шағымданған.

Ләззат БЕКТҰРЛИЕВА, «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаз мезгілінде бізде жарыс өткенде Қазақстанның чемпионаты параолимпиада бір облыстың командасынан спортшылар ауырып қалды. Бірақ нақты сол хлордан деген ақпарат жоқ.

Хлор өнімдерін жеткізуші мекеме жуырда өзгерген. Ата-аналардың шағымынан кейін Алматы қаласынан арнайы сарапшы шақыртылған.

Евгений ГОНЧАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жағдайға қатысты біз тексеру жүргізіп жатырмыз. Бүгін СЭС бассейн суынан сынама алды. Барлығы сол сынаманың қорытыңдысынан кейін ғана белгілі болады.

Бассейн өз жұмысын жалғастыра береді. Ал балаларға не нәрсенің аллергиялық реакция туғызғанын арнайы комиссия анықтайтын болады.

Б. Рақметова